×

Астанада судьяны ұрлап кеткен күдіктіге іздеу жарияланды

Ол судьяны үлкен сома бермесе, отбасына қиындық тудыратынын айтқан

Астанада судьяны ұрлап кеткен күдіктіге іздеу жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу бетперде киіп, қолында қарумен судья Ордабаевқа үйінің тұрағында шабуыл жасап, оны күштеп көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Шабуылшы судьяны үлкен сома бермесе, отбасына қиындық тудыратынын айтып қорқытқан.

Ордабаев 300 мың теңгеге несие алып, ақшаны берген. Кейін қылмыскер өлтіремін деп қорқытып, тағы 12 миллион теңге және сот актісін жоюды талап еткен.

Судья полицияға хабарласты. «Адам ұрлау», «Бопсалау» және «Сот төрелігіне кедергі келтіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды
Кеше, 23:20

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.
Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →