×

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев ісі бойынша тергеу аяқталды

Аталған іс бойынша залал 1 млрд теңгеден асады

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев ісі бойынша тергеу аяқталды
Фото: primeminister.kz

Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев пен бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол (Марат Бекетаев) жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деп күдіктенеді», – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша залал 1 млрд теңгеден асады.

Айта кетейік, экс-министр 2023 жылдың қазанында қамауға алынды. Содан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанда ұсталғанын айтты.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды. Қаңтар оқиғасынан кейін Әділет министрі лауазымынан босатылып, 2022 жылдың соңына дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі лауазымын атқарды.

Сондай-ақ агенттік бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен мердігер ұйымның басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижесі бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған. Бұл іс бойынша да залал 1 млрд теңгеден асады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті
Сирек кездесетін жануар 20 қараша күні автокөліктің жүк салғышынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →