Орман өрті 18 шілде күні түс ауа тұтанған
Түркияның Измир қаласында тұтанған орман өрті қатты желдің салдарынан елді мекендерге жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
CNN Türk телеарнасы өрт жақындаған сайын қойларын эвакуацияланғанын жазған. Телеарнаның хабарлауынша, тұрғындар үйлеріне жақындап келе жатқан өртті шлангілер арқылы өз беттерімен сөндірген.
Жергілікті омарташы ODATV телеарнасына 80-ге жуық ұяның өртеніп кеткенін, тек 20-сы ғана аман қалғанын айтты.
Өртті сөндіруге ондаған техника, оның ішінде жеті ұшақ пен 16 тікұшақ жұмылдырылды. Қараңғылық түскенде өрт орнына түнде көру жүйесімен жабдықталған тікұшақтар келді.
Орман өрті 18 шілде күні түс ауа тұтанған. Измир халықаралық әуежайы үзіліспен жұмыс істеді. Ұшақтардың рейстері бірнеше сағатқа кешіктірілді және қалаға бағыт алған рейстердің бағыты өзгерді. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Түркияның көптеген аймақтарында соңғы күндері ауа температурасы + 40 градусқа жетті.