×

Қарағандыда арыстанның төлдерін ұрлап, сатпақ болғандар сотталды

Кішкентай арыстандар картон қорапта болған

Қарағандыда арыстанның төлдерін ұрлап, сатпақ болғандар сотталды
Фото:polisia.kz

Қарағанды полиция департаменті қаладағы хайуанаттар бағының үш қызметкеріне қатысты сот тыңдауы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айыпталушылар былтыр маусым айында жануарларды хайуанаттар бағының аумағынан шығарып, алты миллион теңгеге сатуға тырысқан. Туғаннан бастап бір айлық кішкентай арыстандар картон қорапта болған. Қазыбек би аудандық сотының сотталушылар орындығында Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы директорының орынбасары және екі қызметкері отыр.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес, яғни 339-бап "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз ұстау" және 188-бап "Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау" бойынша айып тағылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →