×

Алматыда жасөспірім субұрқаққа түсіп қайтыс болды: себебі анықталды

Сараптама жігіттің қайтыс болу себебін анықтауға көмектескен

Алматыда жасөспірім субұрқаққа түсіп қайтыс болды: себебі анықталды
Видеодан скриншот

Алматыда ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов сараптама жігіттің қайтыс болу себебін анықтауға көмектескенін айтты.

"Өлім суға бату кезінде тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған", – деді сарапшы.

Сондай-ақ ол мұның алдында электр тогы соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

"Ток туралы айта алмаймыз. Оған не болды және қалай, неге жағдайы нашарлады - бұл біздің құзыретімізге кірмейді. Біз тек өлімнің тікелей себебін береміз", – деп қорытындылады маман.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Кеше, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →