×

Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шекті

Тергеу амалдары жүргізіледі

Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шекті
Видеодан скриншоттар

Жетісу облысы Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аман қалған ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ.

Енді дельтапланның суға құлау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілетін болды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«Бүгін 25 шілдеде сағат 17.15-те Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады», - делінген ведомство мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →