×

Боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа дерек шықты

"Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілді

Боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа дерек шықты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, хабарлайды Qaz365.kz.

“Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқық бұзушылық және ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам тараптар татуласса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын атап өтті. 

Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысуымен төбелес болған еді. Желідегі төбелестің видеосы тарады. Видеодан Шүменовтың қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққанын көруге болады. 

Кейін Шүменовке қолында баласы бар шетел азаматын соққыға жыққаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. Алайда жуырда полиция Шүменовке қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →