×

Түркістан облысында жасөспірім қыз фотоға түсемін деп өзенге батып кетті

Оны ТЖД іздестіріп жатыр

Түркістан облысында жасөспірім қыз фотоға түсемін деп өзенге батып кетті
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Департамент мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.

Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.

"Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →