×

Полиция бастығы өз кабинетінде қыз зорлаған: апелляциялық сот шешімі шықты

Биыл сәуірдің аяғында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылды

Полиция бастығы өз кабинетінде қыз зорлаған: апелляциялық сот шешімі шықты
Фото: zhetysu.gov.kz

Талдықорғанда қалалық полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық соттың шешімі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Кейінірек жәбірленушінің адвокаты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер басқармасына қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Талдықорған тұрғыны жеткізіліп, кейін ол бастықтың қызметтік кабинетінде зорлық көрген.

Биыл сәуірдің аяғында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марапаттарынан және "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →