Оқыс оқиға туралы полиция пікір білдірді
Өскемен тұрғыны селфи жасамақшы болып, Үлбі өзеніндегі көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға туралы полиция мен құтқарушыларға 5 тамызда сағат 22:30 шамасында хабарланған.
"Алайда арнайы қызмет келгенге дейін қала тұрғыны жағалауға өз бетімен шыққан", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылған.