×

Маңғыстау облысында балалар пансионаттарында діни әдебиеттерді пайдаланған – прокуратура

Заңнама талаптарының бұзылған

Маңғыстау облысында балалар пансионаттарында діни әдебиеттерді пайдаланған – прокуратура
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы прокуратурасының органдары балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәселен, облыста 5 пансионат қызмет көрсеткен (Мұнайлы ауданында 2, Жаңаөзен қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында 1).

«Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келді. Барлық мекеме бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңдылықты бұзушылық фактілері анықталды. Бұл ретте, қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған», - деп хабарлады өңір прокуратурасы.

Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.

Тексеру нәтижелерімен еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды.

Балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары) де әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта прокурорлардың талап-арыздары бойынша сотпен барлық көрсетілген пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері тоқтатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →