×

Қазақстандық әуе компания Астана әуежайын айыптады

Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшағына зақым келтірді

Қазақстандық әуе компания Астана әуежайын айыптады
Фото: FlyArystan

Қазақстандық әуе компания рейстердің уақтылы орындалмауына Астана әуежайының қызметінде ұқыптылықтың жоқтығы себеп болып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"2024 жылдың 5 тамызында Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірді, соның салдарынан ұшақ бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Нақты айтқанда, әуежай қызметкерлері баспалдақтарды дұрыс қолданбауының кесірінен ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.

Әуе компаниясы ұшақты жөндеу құны айтарлықтай болатынын, дегенмен басты мәселе – оқиғаның әуе рейстерінің кестесіне, олардың орындалуына кері әсер ететінін жеткізді. Компаниялар тобы күтпеген келеңсіздікке өкініш білдіріп, жаз маусымы басталғалы бері Астана әуежайында ұқыптылықтың жоқтығы салдарынан түрлі операциялық қиындықтармен жиі кездесетін мәлімдеді.

Air Astana Астана халықаралық әуежайды рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →