×

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған апаттың себебі айтылды

Қажетті сараптамалар тағайындалды

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған апаттың себебі айтылды
Видеодан скриншот

Полиция Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жол апатының себебін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша «екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» ісі қозғалды.

«Белгілі болғаны, MAN автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД хабарламасында

Сонымен қатар, полиция балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, 7 тамызда Самара-Шымкент автожолының 862 шақырымында МАН жүк көлігі мен Toyota Ipsum минивэні соғысқан. Салдарынан минивэн жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында мерт болды, оның ішінде 5 мектеп оқушысы бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →