×

Жүк көлігі LRT бағанына соғылып, 3 адам зардап шекті

Оқиға Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында болды

Жүк көлігі LRT бағанына соғылып, 3 адам зардап шекті
Фото: Астана полиция департаменті

Астанада жүк көлігі LRT бағанына соғылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында болды.

«Жүк көлігінің жүргізушісі арнайы техниканы есептей алмай, LRT құрылымына соғылды. Жапа шеккен үш жаяу жүргінші жолдың жиегінде тұрған»,- дейді Астана қаласының полиция басқармасы. 

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«1995 жылы туған қыздың оң жақ білегі көгерген, 1994 жылы туған ер адамдың сол жақ тобығы көгерген, сондай-ақ 1998 жылы туған ер адамның басының париетальды аймағында көгерген жарасы бар. Оларды травматолог пен нейрохирург қарап, амбулаториялық емделуге жіберді, оларға тиісті ұсыныстар берілді», - деп хабарлады Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырау облысында екі адамды өлтірді делінген күдіктіге қатысты тың дерек шықты
Бүгін, 18:56

Атырау облысында екі адамды өлтірді делінген күдіктіге қатысты тың дерек шықты

Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр
Ақпаратты ресми түрде Ресей Ішкі істер министрлігі мен Тергеу комитеті растады
Адвокат Қапар Есболдың Отарға емес, басқа әскери бөлімге баруы қажет екенін айтты
Қыздың әкесі тергеу тоқтап қала ма деп қауіптеніп отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →