×

Айтбек Амангелдіге Салтанат Нүкенованың құрметіне арналған қорды тіркеуге рұқсат берілмеді

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Айтбек Амангелдіге Салтанат Нүкенованың құрметіне арналған қорды тіркеуге рұқсат берілмеді
Фото: ашық дереккөзден

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсететін қордың тағы да тіркеуден өтпегенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мінекей, қорды тіркеуден бесінші рет бас тартып отыр. Жарлықтағы «Қордың мақсаттарына сәйкес келетін және қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері» деген №9 тармағы қорды тіркеуге қандай кедергісін келтіріп отыр, соны түсінбеймін. Бүгін осы тармақты алып тастап, алтыншы рет өтініш бердім. Енді 5 күн жауабын күту керек», - деп жазды ол.

Еске салайық, марқұм Салтанат Нүкенова өзінің жұбайы, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан еді. Бишімбаев 24 жылға сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →