×

Павлодарда әкесі 6 жастағы қызын көшеде ұрып-соққан

Анасы шағым жазбағанына қарамастан, қыздың әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды

Павлодарда әкесі 6 жастағы қызын көшеде ұрып-соққан
Видеодан скриншот

Павлодарда алты жастағы қызын басынан тоқпақтап ұрған әке полицияда жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, куәгерлер ер адамның мас болғанын айтқан.

«Көрсетілген мекенжайға бала тіркелген қорғаншылық органдары мен мектеп қызметкерлері бірден шақырылды. Талқылау барысында заңды өкіл – ана жұбайына қатысты шағым жазудан және одан әрі талқылаудан бас тартты. Әкесінен алкоголь ішкені анықталған жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анасы шағым жазбағанына қарамастан, қыздың әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 тамызда материал сотқа жіберілді.

«Кәмелетке толмаған қыздың қауіпсіздігі мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды. Қыздыі әкесі профилактикалық есепке алынды», - деп хабарлады полиция.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →