×

200 мың теңге үшін: Еңбек мобильділігі орталығы директоры сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

200 мың теңге үшін: Еңбек мобильділігі орталығы директоры сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Антикордың мәліметінше, ол Өзбекстан Республикасы азаматына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге уәде беріп, оның 200 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденген.

Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды, – делінген Антикор хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бестеректегі оқиға: зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Бүгін, 12:30

Бестеректегі оқиға: зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер үшінші баланың жағдайы да ауыр деп отыр. 
Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →