×

Түркістан облысында бір әулеттің бес адамы ауыр жаза арқалады

Қанды қылмыс былтыр тамыз айында болған

Түркістан облысында бір әулеттің бес адамы ауыр жаза арқалады
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады. Екі адамды атып өлтірді деген күдікке іліккендердің  екеуіне  20 жыл, қалған үшеуіне 25 жыл жаза кесілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс былтыр тамызда Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен. Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, «Черный Алмас» лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жасар Жандаулет Қабылов көз жұмды. Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен.

Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге тапсырысты кім бергенін де айтып берген. «Черный Алмас» сотталушылардың туысын өлтірген екен. Кек қайтару үшін жиналған бір әулеттің жігіттері екі туысын дайындап, қаруына дейін сайлап берген.

Кісі өлтірген ағайындылардың екеуі 20 жылға, ал 24, 26 және 20 жастағы қылмысты ұйымдастырушылар 25 жылға сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →