Амангелді мен Жұмагүл Нүкеновтер дау нысанасы бойынша өз бетінше талап қоймаған үшінші тұлға ретінде тартылған
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің арызымен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Салтанат пен Айтбектің ата-аналары Амангелді мен Жұмагүл Нүкеновтер дау нысанасы бойынша өз бетінше талап қоймаған үшінші тұлға ретінде тартылған.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырыстарында марқұмның отбасы ақшалай өтемақы талап етпеген болатын. «Замандас» подкастында адвокат Жанна Оразбахова Нүкенованың туыстары ешқандай ақша туралы естігісі келмейтінін, өйткені бұл ақша олардың қызы мен қарындасын қайтармайтынын айтқан.
Адвокаттың айтуынша, ол шығын толық өтелмейінше сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды. Сол себепті ірі көлемдегі моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы талап қою маңызды екенін түсіндірді.