×

Ақтөбеде жол апатынан бес адам қаза тапты

Көз жұмғандардың екеуі бала

Ақтөбеде жол апатынан бес адам қаза тапты
Скриншот

Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында жүк көлігі және жеңіл машина соқтығысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға орнында төрт, ауруханада бір адам көз жұмды.

Көз жұмғандардың екеуі бала.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"26 тамыз 18:45 шамасында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →