×

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

Бұл туралы ақпаратты Жоғарғы Сот берді

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды
Фото: Jogargy_sot

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың төрт жылға сотталған інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы Сотқа берген өтінішін қайтарып алды, осыған байланысты ол қаралмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты Жоғарғы Сот берді.

"26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы өзінің кассациялық өтінішін кері қайтарып алды, осыған байланысты өтінішті алдын ала қарау жүргізілмейді. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады", - делінген сот хабарламасында.

Өтінішті кері қайтарып алу себептері нақтыланбаған.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал сол қылмысты жасаған, яғни әйелін азаптап өлтірген үшін айыпты деп танылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Экс-министрдің апелляциялық шағымы да қанағаттандырылған жоқ. Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті
Сирек кездесетін жануар 20 қараша күні автокөліктің жүк салғышынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →