×

Атырауда белгісіз біреу екі мектепке бомба қойды

Оқиға орнында арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр

Атырауда белгісіз біреу екі мектепке бомба қойды
Фото: polisia.kz

Қазір Атыраудағы оқу орындарында жарылғыш заттарды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі мектептің ғимараты қоршауға алынды. Оқиға орнында арнайы жасақ, саперлар, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Атырауда 102 пультіне екі мектепке мина қойылғаны туралы хабарлама түсті. Ата-аналар мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына сабыр сақтап, іздестіру шаралары жүріп жатқан аумақтарға бармауға кеңес беріледі», - деп хабарлайды Atyrau online.

Полиция тергеуді бастап кетті. Бұл жалған қоңырау ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды
Кеше, 23:20

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.
Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →