×

Астанада балабақшаларда орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алынған

Балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған

Астанада балабақшаларда орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алынған
Фото: pexels.com

Прокуратура жүргізген тексеру нәтижелері бойынша Астанадағы мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратқа сәйкес, балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған. Жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары болған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, кейбір балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған. Бұған қоса құрамында сынабы бар шамдар дұрыс сақталмаған әрі жойылмаған.

Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданып, кінәлілер жауапқа тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →