×

«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұрлық үшін сотқа тартылады

Іс Астана сотына жолданды

«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұрлық үшін сотқа тартылады
Асқар Мұратұлы. Фото: qaj.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа тартылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

«Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 миллион теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты», - делінген хабарламада.

Көлік прокуратурасы істі Астана сотына жолдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
Кеше, 19:46

«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

Бас прокуратура күдіктіні елге қайтару туралы сұрау салуды дайындау үшін өтініш жолдады
Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →