×

Қарағанды облысында колледж директоры жылу қазандығына бөлінген ақшаны жымқырған

Қазір ескі, тозған қазандықтар қолданылып жатыр

Қарағанды облысында колледж директоры жылу қазандығына бөлінген ақшаны жымқырған
Фото: ашық дереккөзден

Шет агротехникалық колледжі директорының заңсыз әрекетінен бюджетке 16,9 млн теңге шығын келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аудан прокуратурасы «Шет агротехникалық колледжі» КММ-нің соңғы 3 жылдағы мемлекеттік сатып алуларының конкурстық құжаттарын тексерді.

«Талдау барысында колледж директоры жеке пайда табу ниетінде өзінің қызметтік бабын пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды. Атап айтқанда, 2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» КММ мен ЖШС  арасында блоктық қазандық жабдықтарын орнату туралы келісім бекітілген. Директор сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы заңсыз қосымша келісімге қол қойған», - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Салдарынан орнатылған қазандықтар техникалық талаптарға сай келмей, дұрыс жұмыс істемей қалған. Қазір ескі, тозған қазандықтар қолданылып жатыр.

Аталған фактіні аудандық прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тіркеп, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті
Сирек кездесетін жануар 20 қараша күні автокөліктің жүк салғышынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →