Марқұмның 3-санаттағы сержант шені бар
Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің әскери институты ғимаратында 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ресми орган бұл ақпаратты ішінара растады: ішкі істер министрлігі адам өлімі болғанын растаса да оның қай жерде, қандай жағдайда көз жұмғанын айтпаған.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, 44 жастағы Өсер Итебаев қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің әскери институты аумағында турникке асылып қалған. Оның 3-санаттағы сержант шені бар.
«Оңтүстік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.