×

Анасын кірпішпен өлтіріп, қызының көзін ағызып жіберген — Келес ауданындағы қылмыстың мән-жайы айтылды

Мектепте дене шынықтыру мұғалімі болған 30 жастағы жігіт үйге түнде келіп, 45 жастағы әйелді кірпішпен ұрып өлтірген

Анасын кірпішпен өлтіріп, қызының көзін ағызып жіберген — Келес ауданындағы қылмыстың мән-жайы айтылды
Фото: Qaz365.kz

Түркістан өңіріндегі аядай ауылды қатегездікпен жасалған қанды қылмыс дүр сілкіндіріп жатыр. 30 жастағы ер адам бір үйдің әуелі анасын өлтіріп, қызына азғындық жасап қинап өлтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның ресми мәліметі

Оқиға жайлы алдымен, Түркістан облысы полиция департаменті хабарлаған болатын. Құзырлы орган үдікті қамалғанын жеткізді. 

«Полиция Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - деп хабарлады департамент.

Оқиға қалай болды

Мектепте дене шынықтыру мұғалімі болған 30 жастағы жігіт үйге түнде келіп, 45 жастағы әйелді кірпішпен ұрып өлтірген. Осыдан кейін 16 жастағы оқушыға азғындық жасаған. Зорлық көрсетіп жатқанын көршілері естіп, үйіне келген. Есікті ашқан кезде қылмыскер көршінің бірін соққыға жығып, қашып кеткен. Алайда көп ұзамай ұсталған.

Марқұмдардың денесін жуған туысы Гүлжан Байболатова марқұмдардың бет-ауызы адам танымастай болғанын айтады. Айтуынша, қылмыскер таспен ұрып, кішкентай қыздың көзін ағызып жіберген.

Көз жұмған ана - марқұм Зарипа Нарымбетова. Үш қыз өсіріп, екеуін тұрмысқа берген екен. Өзі мектепте аспаз болып жұмыс істеген. Күдікті ретінде ұсталған 30 жастағы жігіт – дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. 30 жастағы қылмыскердің оныншы сынып оқушысына қырындап, соның салдарынан жұмыстан қуылғаны айтылады.

«Өмірім астаң-кестең болды»

«Анам мен сіңлімді өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасына кесуді сұраймын. Осыншама адамды зарлатқаны үшін! Туыстары да осы жақтан жоғалса екен. Мені бар байлығымнан айырып отыр. Менің өмірімді бір-ақ күнде тас-талқан етті! Сол біреудің кеселінен өмірім астаң-кестең болды», - дейді Зарипа Нарымбетованың артында қалған екі қызының бірі.

Бір отбасының екі мүшесін ағайын-туысы күні кеше ақтық сапарға шығарып салды. Қара жамылған жанұя күдікті жалғыз болмағанына сенімді. Олар кінәлілер жазадан сытылып кетпей, тиісті жазасын алсын деп отыр. Бұл үйдің отағасы да 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →