×

«Ішіміз өртеніп отыр»: анасы мен сіңлісінен айырылған апалы-сіңліні полиция 15 күнге қамаймыз деп қорқытқан

Дидар мен Райхан осыдан 15 жыл бұрын әкесі де кісі қолынан қаза болғанын, ол іс те бей-жай қаралғанын жеткізеді

«Ішіміз өртеніп отыр»: анасы мен сіңлісінен айырылған апалы-сіңліні полиция 15 күнге қамаймыз деп қорқытқан
Видеокадр

Түркістан өңірінде қызымен бірге кісі қолынан өлген әйелдің артында қалған екі қызы Тоғанбаева Дидар мен Райхан Үкімет басшыларына, Қазақстанның Бас прокуроры мен Түркістан облысының әкімінен көмек сұрап, үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Үкімет басшыларынан көмек сұраймыз! Біз анамыз бен сіңлімізді айуандықпен өлтірген Ақанов Абай Асхатұлын өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеміз! Біріншіден, сұрайтынымыз – аудан әкімінен бастап түгел басшылықтарды, ІІБ басшысы мен олардың орынбасарларын, Талғат Бигельдинов атындағы №13 мектептің директоры мен орынбасарларына шара қолдануды сұраймыз! Менің және сіңлімнің сұрап отырған себебі – зорлық-зомбылық, айуандықпен айналысқан адамның мектеп қабырғасына қалай орналасқанын білгіміз келеді. Аудан басшылары дұрыс жұмыс жүргізгенде мұндай айуандық болмас па еді!?» - дейді олар.

 

Марқұмдардың артында қалған апалы-сіңлілі ішкі істер бөліміне шақырту алған. Олар полиция өздерін басынғысы келгендерін айтады. 


«Полиция подполковнигі Мұрат Әбілханұлы бізді қорқытып, сіздерді әлеуметтік желіге салғандарыңыз үшін 600 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 15 күн бас бостандығынан айыруды талап етемін деді. Мен және сіңлім екеуміз құзырлы органдарды қорқытқаны үшін жазалауды сұраймыз. Біз жылап, анамыз бен сіңлімізді қара жерге тапсырғанымыз үшін ішіміз өртеніп жатқанда олар бізді қорқытып отыр», - дейді олар.

 

Дидар мен Райхан осыдан 15 жыл бұрын әкесі де кісі қолынан қаза болғанын, ол іс те бей-жай қаралғанын жеткізеді. 


«Іс мүлде қозғалған жоқ. Әкеміз өмірден өткеннен кейін анамыз әкенің де, шешенің де орнын басып, осы күнге жеткізді. Өзі сіңлім екеуі кісі қолынан қаза тапты. Арада 15 жыл өтсе де, аудан басшылықтары адам өліміне немқұрайлы қарап, қылмыстық іс қозғалған жоқ. Мен және сіңлім тірі жетім болып қалды. Жоғарыда аталған мәселеге бей-жай қарамауды сұраймыз. Арнайы комиссия басшылықтардан түзіліп, істі ілгерілетуді сұраймыз», - дейді олар.


Амангелді ауылының тұрғындары жиналып, қылмыскердің отбасына ауылдан көшуді талап еткен. Тұрғындар жиналып, үйінің алдына барған. Шаңырақтың иесі жұрттың алдына шығуға қорыққаннан шықпаған. Тек күдіктінің анасы мен әйелі ел алдына шыққан. Олардың үйіне полиция мен әкімдік өкілдері келіп, халықты тыныштандыруға тырысқан. Амангелділіктер «көшсін» деп өз райынан қайтпай отыр.

Жантүршігерлік қылмыс

Түркістан өңіріндегі аядай ауылды қатегездікпен жасалған қанды қылмыс дүр сілкіндіріп жатыр. 30 жастағы ер адам бір үйдің әуелі анасын өлтіріп, қызына азғындық жасап қинап өлтіргені бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген еді. Оқиға жайлы алдымен, Түркістан облысы полиция департаменті хабарлаған болатын. Құзырлы орган күдікті қамалғанын жеткізді.
Мектепте дене шынықтыру мұғалімі болған 30 жастағы жігіт үйге түнде келіп, 45 жастағы әйелді кірпішпен ұрып өлтірген. Осыдан кейін 16 жастағы оқушыға азғындық жасаған. Зорлық көрсетіп жатқанын көршілері естіп, үйіне келген. Есікті ашқан кезде қылмыскер көршінің бірін соққыға жығып, қашып кеткен. Алайда көп ұзамай ұсталған.
Марқұмдардың денесін жуған туысы Гүлжан Байболатова марқұмдардың бет-ауызы адам танымастай болғанын айтады. Айтуынша, қылмыскер таспен ұрып, кішкентай қыздың көзін ағызып жіберген.
Көз жұмған ана - марқұм Зарипа Нарымбетова. Үш қыз өсіріп, екеуін тұрмысқа берген екен. Өзі мектепте аспаз болып жұмыс істеген. Күдікті ретінде ұсталған 30 жастағы жігіт – дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. 30 жастағы қылмыскердің оныншы сынып оқушысына қырындап, соның салдарынан жұмыстан қуылғаны айтылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →