×

Алматыда шатырдан құлап, қаза тапқан екі оқушыға қатысты тың дерек айтылды

Алдын ала ақпарат бойынша, қыздар көпқабатты ғимараттың төбесінен құлаған

Алматыда шатырдан құлап, қаза тапқан екі оқушыға қатысты тың дерек айтылды
Фото: Балқия Мұхамеджанованың парақшасынан алынды

Алматыда шатырдан құлап, сол жерде қаза тапқан екі оқушының бірі – белгілі экологтың қызы екені анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматыда жан түршігерлік қайғылы оқиға орын алды. Екі оқушының денесін тұрғын үй кешенінің бірінен жергілікті тұрғындар тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, қыздар көпқабатты ғимараттың төбесінен құлаған.

Оқиғаның себебі әлі белгісіз, бірақ қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.

«Біздің қызымыз қайтыс болды. Шатырдан құлады. Бұған дейін қала бойынша көптеген баланың шатырдан құлағаны белгілі. Біз оқиғаның видеосын күтеміз. Қаладағы үйлердің шатырына шығу ашық-шашық жатыр», - деді ол Ulysmedia-ға берген жауабында.

Евгений Мұхамеджанов – Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →