Төрт баланың анасы сотта 2,5 сағат сөйлеп барлығын айттым деп тұр
Жетісу облысына қарасты Ақсу округінің тұрғыны ауыл әкімі түнгі 2:30-да тереземнен кіріп, іш киімімді шешпекші болғанын айтты. Бұл видео Сандуғаш Дүйсенова жүргізетін halyk_zhurnalist.kz парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Терезеден кірген. Үйде 2,5 және 5 жастағы балам болды. Керуетте жатқанда артымнан іш киімімді астыға тартты. Басында ұйқылы жатып, түсінбей қалдым. Сосын бірден астына қарай тартқан кезде оянып кеттім. Алғашында күйеуім екен деп қалдым. Күйеуім Текеліде екенін есіме түсті. Анықтап қарасам, пысылдап біреу мас күйінде отыр. Шошып кеттім. Әкім жүгіріп шықты. Есікті ашып абдырап тұрғанымда әкімдіктің тағы бір қызметкері кіреберісімдегі дәлізде тұр екен», - дейді әйел.
Төрт баланың анасы сотта 2,5 сағат сөйлеп барлығын айттым деп тұр. Ол көз жасын тыя алмай, істің тек «Өзгенің үйіне рұқсатсыз кіру» деген бап бойынша ғана қаралуына наразы.