×

Ербаян Мұхтардың денсаулығы шетелге апаруға жарамайды – әкесі

Ол баласы үй жағдайында ем алып жатқанын айтты

Ербаян Мұхтардың денсаулығы шетелге апаруға жарамайды – әкесі
Фото: ашық дереккөзден

Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Аймағамбетов баласы неге шетелге ем алуға бармай жатқан себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдымен халықтың сұрағына жауап бергім келеді, Ербаянның еміне қаржы жиналды, неге шетелге апарып емдетпей жатырсыздар деген сұрақ көп. Баланың шетелге шығатын құжаты дайын болмай жатыр, Ербаянның қазіргі жағдайында төлқұжат бір аптаның ішінде дайын болмай тұр.  Төлқұжат 15 күннің ішінде дайын болады, соны күтіп отырмыз. Біздің құжатымыз дайын. Тағы бір айтарым, қазір Ербаянның денсаулық  жағдайы шетелге апаруға жарамайды. Таңертең Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қабылдауында болдым. Министрден баламды шетелге апарып емдетудің жолын сұрадық, ол кісі мәселені 10-15 күннің ішінде шешуге тырысатындығын айтты», – деді Хамит Аймағамбетов.

Ол баласы үй жағдайында ем алып жатқанын, дәрігерлердің бақылауында екенін айтты. 

«Балам министр Ақмарал Әлназарованың жеке қадағалауында, дәрігерлерді жіберіп тексеріп жатыр», – дейді әкесі.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар Ұлттық Ұланның әскери бөлімінде жүріп, түнде дәретханаға құлаған. Ата-анасы мен қорғаушы оның бұндай жағдайда дураш болуына әлімжеттік себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Ал, Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов жағдайы мүшкіл жатқан сарбаз Ербаян Мұхтар ауруханада жатқанда оның өкпесін пневмония басып, қосымша ірің аққан гайморит жұқтырған деді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
98-2000 жылғы жігіттер: Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады
Бүгін, 14:04

98-2000 жылғы жігіттер: Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады

Бүгін Алматы облыстық прокуратурасы мәлімдеме жасаған еді
Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →