×

Жамбыл облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жамбыл облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Видеодан кадрлар

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 16 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 526-шақырымында болған.

Cadillac Escalade маркалы көлігінің жүргізушісі алдынғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Салдарынан Cadillac Escalade көлігі өз жолағына түсіп, "Газель" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.

Оқиға орнында 37 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы Cadillac Escalade көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбедегі колонияға тауық етінің ішіне телефон салып кіргізген
Бүгін, 10:23

Ақтөбедегі колонияға тауық етінің ішіне телефон салып кіргізген

Оқиға Ақтөбе қаласындағы №70 тергеу изоляторында орын алған
Бір жылдан кейін талғарлық «бұзақылар» шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
Соққыға жыққандардың бірі – құқық қорғау органдарының қызметкерінің баласы 
Ол кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныдан ары өте алмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →