×

Алматыда автобусқа қарумен кірген ер адам ұсталды

Оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды

Алматыда автобусқа қарумен кірген ер адам ұсталды
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 106 автобусқа қолына тапанша ұстап мінген жолаушының бейнежазбасы тарады. Қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция әлеуметтік желідегі мониторингтен соң жедел іздестіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін айтып, ойыншық болып шыққан қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →