×

Шымкентте ер адам науқас балаларды пайдаланып 32 млн теңге ақша тапқан

Қазір күдікті қамауда отыр

Шымкентте ер адам науқас балаларды пайдаланып 32 млн теңге ақша тапқан
Видеодан скриншот

Желіде қатерлі ісікпен ауыратын балалардың суретін жариялап, жалған қайырымдылықпен айналысқан алаяқ ұсталды. Ол Instagram парақшасына Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат керек деп жазып, өзінің банк шотының деректерін көрсетіп қойған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды», - деп мәлімдеді Алматы облысының полициясы.

Қазір күдікті қамауда отыр. Оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →