×

Алматыда автобусқа қарумен кірген ер адам ұсталды

Оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды

Алматыда автобусқа қарумен кірген ер адам ұсталды
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 106 автобусқа қолына тапанша ұстап мінген жолаушының бейнежазбасы тарады. Қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция әлеуметтік желідегі мониторингтен соң жедел іздестіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін айтып, ойыншық болып шыққан қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат ісі: Азамат Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны айтылды
Бүгін, 11:55

Шерзат ісі: Азамат Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны айтылды

Прокурор Дана Сәрсенбай сотталушылардың бұрынғы тарихы оның мінездемесі екенін жеткізді
6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, алаяқтың бар тапсырмасын орындаған
Тергеу барысында Тоқтаубаев Абзал Шынасылдың Шерзат Болатты пышақтағанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →