×

«Барлығын көзбен түсіндіреді». Ербаянның қазіргі жағдайы туралы айтқан әкесі көзіне жас алды

Неміс дәрігерлері оның аяқтан тұрып кетуіне 80 пайыз кепілдік берген

«Барлығын көзбен түсіндіреді». Ербаянның қазіргі жағдайы туралы айтқан әкесі көзіне жас алды
Ашық дереккөздерден

Әскерде жүргенде жұмбақ жағдайда басы жарылып, төсек тартып қалған Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Айтмағамбетов баласының қазіргі күйі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Барлығын көзбен түсіндіреді, қолмен де түсіндіреді. Кешке жақын сулифа ойнайды. Отбасымызбен көбінесе қасында болуға тырысамыз», - дейді әкесі.

Хамит Айтмағамбетовтің айтуынша, диагнозы мен медициналық көрсеткіштерін зерттеген неміс дәрігерлері оның аяқтан тұрып кетуіне 80 пайыз кепілдік берген.

«Соңғы уақытта оның денесі құрысып қалып жүр, бірақ дәрігерлер мұндай жарақаттарда бұл қалыпты құбылыс екенін айтты. Ең бастысы – уақтылы ем қабылдау болып тұр»,- дейді ол.

Дегенмен әкесі ұлы толықтай сауығып кеткенге дейін оның фотосуреттері мен бейнематериалдарын жариялауға үзілді-кесілді қарсы екенін, мұны көз тиюден сақтаудың амалы деп түсіндірді.

Ата-анасы ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетовтің сөзіне шүйлікті. Үмбетов бұған дейін «Ербаян дәретханаға барғанда жығылып, жарақат алған» деп мәлімдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →