×

«Өз үйінде»: Атырауда 8-сынып оқушысы өзіне қол салды

Полиция қылмыстық іс қозғады

«Өз үйінде»: Атырауда 8-сынып оқушысы өзіне қол салды
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. Жантүршігерлік оқиға 10 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тараған ақпаратты полиция растады. Қаладағы орта мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы кешкілік уақытта өз үйінде көз жұмған. Оқуда озат, алғыр, үнемі жарқын мінезді жүретін оқушының мұндай әрекетке барғанын естіп, ұстаздары да аң-таң. Өйткені қыз бала сол күні сабаққа қатыспаған. Мұғалімдері «оқушының ешқандай оғаш қылығын байқамадық, мінез-құлқынан өзгеріс көрмедік» дейді.

«Оқушының өрескел қимылын байқамадық. Ол туралы жаман пікір айтылмаған. Мектепте жақсы оқиды, ақкөңіл оқушы. Басқа да бір қылықтарын көрген жоқпыз. Не себеп болғаны бізге де беймәлім болып отыр», – деді № 24 мектептің директоры Әлия Еділбаева.

Полиция аталған дерекке қатысты іс бастап үлгерген. Тергеу Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қозғалды. Әзірге оқушының мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

«Атырау қаласындағы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысты кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кетейік, аталған оқиғадан соң өңірдегі барлық білім беру ұйымында түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлімжеттікке қарсы күрес шаралары күшейтілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →