×

Қайрат Сатыбалды қайтарған ғимарат Ұлттық университетке берілді

Жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені қайтарды

Қайрат Сатыбалды қайтарған ғимарат Ұлттық университетке берілді
Фото: ашық дереккөздерден

Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілері мемлекетке берілгені хабарлаған болатын. Ішінде университетке берілгендері де бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол – Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы. Нысан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар Т.Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат осылай өткізілді.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарылған активтердің қолданылу барысын тұрақты негізде қадағаланатынын хабарлайды. Жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені қайтарды. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Бүгін, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →