×

Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қыз бен жігітті көлік қағып кетті

Жол апатынан 4 адам зардап шекті

Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қыз бен жігітті көлік қағып кетті
Видеодан скриншот

Алматыдағы Сәтпаев пен Уәлиханов көшесінің қиылысында жеңіл көлік жолаушыларды соғып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тасжолда қара түсті BMW ақ түсті Lexus көлігіне жол бермей қапталынан соққан. Салдарынан джип машина жолақтан өтіп бара жатқан жолаушыларды соғып өтті.

«BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі Уәлиханов көшесімен оңтүстік бағытта жүре отырып, Сәтбаев көшесімен қиылыста «Жол бер» 2.4 белгісіне қарамай, Сәтбаевпен батыс бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікке соқты. Соғылған сәттегі инерциямен Lexus автокөлігі қозғалып барып жолаушылар өткелін басып, солтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге соғып кетті», - деді Алматы ПД.

Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Lexus көлігінде балалы әйел отырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →