×

Ақмола облысында 600 келіден астам заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Бұл соңғы 5 жылда «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында тіркелген ең ірі браконьерлік фактісі

Ақмола облысында 600 келіден астам заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

19 қыркүйекте «Бурабай» ұлттық паркінің инспекторлары Жүкей көлінен заңсыз балық аулаған браконьерлерді анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәліметінше, елордалық азаматтар «Темнобор» орманшылығының ерекше қорғалатын табиғи аумағында көлге ау салған.

Инспекторлық рейд кезінде қолға тұскен браконьерлер жалпы салмағы 640,3 кг болатын 464 балық аулағаны анықталды. Оның 631,6 килосы сазан, 8,7 килосы табан балық.

Бұл соңғы 5 жылда «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында тіркелген ең ірі браконьерлік фактісі. Табиғатқа келген залал 9 132 827 теңгеге тең. Құқық бұзушылық бойынша барлық материалдар Біржан сал ауданының полиция бөліміне берілді.

Жалпы, Жүкей көлінде балық ресурстарын заңсыз алу фактілері жиі кездесетінін айта кетейік. Биыл Ұлттық парк көлдерінде тіркелген сегіз фактінің бесеуі дәл осы суқоймада тіркелді. Барлық құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы фактіге дейінші дейінгі жалпы шығын 2,5 миллион теңгені құрады.

Су айдындарын қорғау және ихтиофаунаны сақтау үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы көлдердің жағасында Smart National Park Burabay ақылды бейнебақылау жүйелерін орната бастағанын айта кетейік. Ол бірінші болып Жүкей көлінің жағалауына орнатыла бастады. Жыл соңына дейін камералар толық орнатылып, су айдынындағы жағдайды тиімді бақылауға және браконьерлік жағдайларын жедел түрде тоқтатуға мүмкіндік береді.  

«Көлдерде заманауи бейнебақылау технологияларын енгізу браконьерлердің жолын кесіп, ихтиофаунаның сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймайды. Сонымен қатар жартастарды бүлдіретін, қоқыс тастайтындарға да тосқауыл болады деп күтеміз», - дейді «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →