×

Ербаян Мұхтардың дәретханада құлап қалғанын көргендер бар – Ұлттық ұлан өкілі

Ол бұған дейін сарбаз пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды деген

Ербаян Мұхтардың дәретханада құлап қалғанын көргендер бар – Ұлттық ұлан өкілі
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетовтің сарбаз Ербаян Мұхтар туралы айтқаны ата-анасына ұнамаған еді. Ол бұған дейін сарбаз пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды деген. Енді бүгін брифингте Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасарының айтуынша, Ербаян Мұхтар 2023 жылдың 4 желтоқсанында сағат 02.15-те оянып дәретханаға барған, оның құлағанын көрген куәгерлер де бар. 

«Тергеу амалдары жүріп жатыр, оны ІІМ әскери-тергеу органы жүргізуде. Қазір Ербаян Мұхтарды біреу ұрды деп айту ерте. Сарбаз айығып, есін жиып келеді. Егер бұл фактілер расталса, сол кезде біз ол туралы айта аламыз», - дейді Қайрат Үмбетов. 

Сарбаздың ата-анасы бұған дейін брифингте «Баламның әскерге кеткенінше ешқандай ауруы болғаны жоқ. Тек аллегриясы бар еді. Әркім, өздеріңше диагноз қоя беруге болмайды ғой» деп ренжіген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →