×

«Басын пакетке салып алған»: Жетісу облысында ер адам бастығын балғамен ұрып өлтірген

Соттың үкімі заңды күшіне енді

«Басын пакетке салып алған»: Жетісу облысында ер адам бастығын балғамен ұрып өлтірген
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері ақпан айында Қаратал ауданы Бастөбе ауылында пакетке адам басын салып алған мопед жүргізушісін ұстады. Ол 55 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Ер адам жұмыс берушісін өлтіргенін мойындаған..

Олар ішімдік ішіп, жиында отырған. Сол кезде ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, мәйітті асхана пышағымен бөлшектеп, зиратқа апарғысы келген. Оның жалға алған үйін тінту кезінде марқұмның бірнеше сөмкеге салынған денесінің бөліктері табылды. Марқұм 50 жаста болған.

«Полицейлер қыста мопедпен пакет арқалап жүрген ер адамға күдікпен қарап, оны тінтіген. Соның арқасында қылмыскерді ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →