×

«Көктем мен күзде қозады»: Астанадағы мешітте пышақ ұстап, түрмеге түскен азаматқа қатысты тың дерек шықты

Шизофрения диагнозы қойылған

«Көктем мен күзде қозады»: Астанадағы мешітте пышақ ұстап, түрмеге түскен азаматқа қатысты тың дерек шықты
Видеодан кадр

Астанада шапан мен тақия киіп, қолына пышақ ұстап, мешітте жиырма шақты полицейлерге қарсыласқан азаматтың туыстары көмек сұрайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еуразия» арнасындағы «Көреміз» бағдарламасына келгендер шизофрения диагнозы қойылған 36 жастағы Таубажан Уатхан ауырған кезде осындай кейіпте жүретінін жеткізді.

Бірақ адамдарға зиянын тигізбейтін көрінеді. Ауру адамға жабылған полицейлердің әрекетіне наразы болған Таубажанның туыстары оны уақытша ұстау изоляторынан шығарып, ауруханаға жатқызуын сұрайды. Анасы, жұбайы мен інісі ер адамның бұл ауруға қашан, қалай шалдыққанын және оқиғаның анық-қанығын түсіндіріп берді.

Таубажан Уатхан – Моңғолияның Қобда қаласында туған. Оның отбасы Теміртау қаласына 1992 жылы көшіп келген. Екі баланың әкесіне F20 паранойялық шизофрения диагнозы қойылған. Ал 2024 жылы екінші мүгедектігі бар екендігі туралы анықтама берілген.

«Екі ұлым бар. Соның бірі – Таубажан. Ол 2006 жылдан бері, 18 жасынан бастап тіркеуде тұрады. Ауырған кезінде шапаны мен тақиясын киіп алып, көп сөйлейді. Артық сөздер айтып, поэзияны көп оқып, әртүрлі фото жібереді. Сосын кейде тамақ ішпей, арықтай бастайды. Біз бірден түсініп, мұндай кезде полиция шақырамыз. Ал ол соны біліп, қорыққанынан пышақ ұстайды. Жалпы, ауруы қозғанда пышақты орап-орап, қалтасына салып жүреді. Бірақ ешкімге зияны жоқ. Полициядан қорқады. Апарып жатқызғанда ұра ма, білмеймін. Балам ауруханадан шығып, сауыққан кезінде шапанын кимей қалады. Ауруы көктем мен күзде қозады»,– деді анасы Аққайша Алхай.

Таубажан жұбайы Гүлжайна Исханмен 6 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Олардың екі қызы бар. 

«Сөз саларда ауруы туралы білмедім. Отбасын құрғаннан кейін барып естідім. Отбасылық өмірімізде бәрі жақсы. Бір ай жазылып шығады. Келген соң балаларына қарайлап, жұмысқа кіреді. Балаларына қажетті заттарын алып береді. Маған қол көтермейді. Балалары болғасын ұрысып, айғайламайды. Сол күні ата-анасы мән-жайды хабарласып түсіндірді. Ауырып жүргенін, ауруханаға түсетінін айтты. Сосын полициядан екі адам, шамалары жетпесе төрт адам келеді. Сол кісілер ауруханаға апарып жатқызады. 8 тамызда үйден кетіп қалды. Ауырған кезде солай үйде көп болмайды. Төрт полицейге киініп шығамын деп сыртта күткізіп қойып, сол кезде өзі терезеден шығып қашып кеткен»,– деді жұбайы.

Ал анасы Астанада мешітте болған оқиғадан кейін ұлын қатты уайымдайтынын айтады. 

«Бұл адам қашып келе жатыр. Шапан киген адамның ауру екенін біледі ғой. Сау адам олай жүрмейді. Оны үстелмен ұрғылап жатуы дұрыс па? Не үшін баламды ұрды? Ол ауру бала, мойнында әрқашан сөмке болатын. Соның ішіне қағазын салып жүретін. Қағазы да жоғалған. Неден болғанын білмеймін. Қазір ол изоляторда»,– деп анасы.

Таубажанның інісі оның студент кезінде жұмыс істеп жүрген шағында басынан қатты соққы алып осындай ауруға шалдыққанын айтады. Сапарбек Уатхан осы тұста полицейлердің әрекетіне наразылығын білдірді.

«Алдап, жаймен сөйлесуге де болатын еді. Бірақ мешіттің ішінде полицейлер осындай әрекет жасаған. Бірінші видеода ол жаймен жауап беріп, полицейлермен сөйлескен. Екіншісінде басы қан-қан болып пышақпен тұр. Демек, ол өз-өзін қорғап тұрғаны. Полицейлерден қорыққандықтан, пышақ салып жүреді ауырған кезінде. Сау кезінде де, ауру кезінде де адамға зияны жоқ», – деді інісі Сапарбек Уатхан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →