×

Пойыздың тамбурында сарбазды ұрған видеоны Тоқаев көріп министрге шұғыл тапсырма берді

Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы айтты

Пойыздың тамбурында сарбазды ұрған видеоны Тоқаев көріп министрге шұғыл тапсырма берді
Фото: Ақорда

ҚР президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жазбаға қарағанда, Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шыққан.

«Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады», — делінген желідегі ақпаратта.

Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударғанын еске салады. Онда президент бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Бүгін, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →