×

Салтанат Нүкенованың ағасы түрмеде отырған Бишімбаевтан миллиондап ақша өндіріп алды

Сот шешімі шықты

Салтанат Нүкенованың ағасы түрмеде отырған Бишімбаевтан миллиондап ақша өндіріп алды
Фото: ашық дереккөздерден

Түрмеде отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтан Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін ағасы Айтбек Амангелді моральдық және материалдық шығынды өндіруді талап етіп арыз түсірген болатын. Осыған байланысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айтбек Амангелді қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.

Ол қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындарды өтеуді де талап еткен.

«Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап-арызды ішінара қанағаттандырды», - деп мәлімдеді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Жауапкерден іс бойынша жұмсалған шығын ретінде 6 877 672 теңге мөлшерінде, сонымен бірге 10 миллион теңге сомасында моральдық зиянды өтеу жөнінде шешім шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →