×

Алматыда дәрігерлер «қатерлі ісік» деген қате диагнозбен бойжеткенді 1,5 жыл бойы емдеген

Ол химиялық ем тоқтатылғаннан кейін ғана беті бері қараған

Алматыда дәрігерлер «қатерлі ісік» деген қате диагнозбен бойжеткенді 1,5 жыл бойы емдеген
Видеодан скриншот

Отандық дәрігерлер бұрымдыға жаман ауруға шалдықтың деп шатасып, нәзік жан сап-сау денсаулығын әбден құртып алған. Бір жылдан астам уақыт бойы химиялық процедурадан өтіп, әлекке салынған ару ақхалаттылардың біліксіздігіне ашулы, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Аяжан Үсенқазының екі жыл бұрын мойнындағы безі ісініп, дәрігерлерге жүгінген. Дәрі-дәрмектің арқасында ісігі қайтқан. Бірақ араға біраз уақыт салып қайта басталған. Амалсыздан онкологтарға қаралғанда тексеру бездерінің қайта ісіне бастағанын көрсетіпті. Сөйтіп, мамандар химиятерапия емін тағайындаған. Алайда науқастың жағдайы нашарлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Тіпті ата-анасын танымайтын күйге жеткен. Содан кейін дәрігерлер қайта тексеру жөнінде байламға келген. 

«КазНИИОиР-да бізге «онкология жоқ» деп қорытынды шығарып берді. Ісіну деді. Сол диагнозбен облысқа келгенбіз. Бұл кісілер Ресейге жіберді. Екі аптадан кейін Ресейден «онкология жоқ, таза» деп шығарып берді», - дейді Аяжан.

Аяжан денесінде қатерлі ісіктің бар-жоғын тексеру үшін Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтына, Ресей ғалымдарына және тағы бір мекемелерге барып тексерілген. Ондағылар бастапқы диагнозды растамаған. Науқастың шағымы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары Алматы өңірлік көпсалалы клиникасында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ондағылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін Алматы облысының полиция департаментіне жүгінуге кеңес берген. 

«Мен білгенімдей онкология мүлде болмаған. Бірақ мені бір жарым жыл бойы онкологиясың деп емдеген. Бұлар «мен мойындаймын кінәмді, қашпаймын» деді», - дейді Аяжан.

Алматыдағы көпсалалы клиникалық зертхана меңгерушісі зертханалық тексеру қорытындысына сүйене келе «лимфома хочкина» деген қорытындыға келіпті. Сол бойынша ем тағайындалған. Алайда дәрігер бастапқы диагноздың расталмағанын мойындап отыр.

«Әзірге расталмай отыр. Аяжанға ары қарай толық диагностикалық зерттеу өткізуіміз керек», - дейді зертхана меңгерушісі Мира Нұрсүлейменова.

Аяжанның ата-анасы дәрігерлер белгілеген емнен соң қызының денсаулығы мүлде сыр бергенін айтады. Химиялық ем тоқтатылғаннан кейін ғана беті бері қараған. Бір жарым жылдан бері тегін дәрі алмай, зертханалық тексеруге дейін өз қалтасынан ақша төлеген. Дәріден бастап химиялық емге дейін ата-анасы ақша төлеген. Химия алған сайын Аяжанның лейкоциті түсіп отырған.

Заңгерлердің айтуынша, медицина қызметкерлерінің салғырттығын дәлелдеу өте қиын. Сондықтан, отандық мамандардың қорытындысына сенбейтін болса, шетел мамандарының көмегіне жүгіну керек. Мәселені солай ғана шешуге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →