×

«Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмеген»: полиция мәлімдеме жасады

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

«Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмеген»: полиция мәлімдеме жасады
Фото: Алматы облысы ПД

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық полция департаментіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  
Ол сотта Шерзаттың әкесі мен анасы, әжесі берген жауаптьарда қарама-қайшылық барын айтып отыр
Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →