×

«68 млн теңге пара»: Антикор қаржы министрлігінің шенеуніктерін ұстады

Тергеу жүргізіліп жатыр

«68 млн теңге пара»: Антикор қаржы министрлігінің шенеуніктерін ұстады
Фото: Shutterstock

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекеті жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық агенттігінің департаменті қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен пара алғанын әшкерелеген.

«Астана және Алматы қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорындардың 570 млн теңге салықты негізсіз төлеу бойынша ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен.  68 млн теңге пара алу кезінде қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал ұсталды», – дейді Бегайдаров.

Оның айтуынша, ведомствоның өзге лауазымды тұлғаларының қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аяқталған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →