×

“Жүрек жұтқан бала екен”: Шымкентте жасөспірім қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты

18 жастағы жігіт ерлік танытқаны үшін марапатталды

“Жүрек жұтқан бала екен”:  Шымкентте жасөспірім қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты
Сурет бейнеден алынды

Шымкентте жасөспірім қару ұстаған қылмыскерді ұстап, ломбардты тонаушыны тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардың бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға  қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып, 100 мың теңге қаражат талап еткен. Ломбард ішінде тұрған 18 жасар ер азаматтар қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

"Полицияға осындай жігіттер керек! Осындай жігіттер неге ломбардта жүр екен. Ақша жинап берейікші. Шымкенттің жігіттері батыр ғой. Жүрек жұтқан бала екен", - деп жазуда желі қолданушылары.

Видеода жасөспірімнің қылмыскерді ұрып құлатқаны көрінеді. Әлеуметтік желіде оның ерлігіне бәрі оң баға беріп, мақтап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →