×

Талғардағы қанды оқиға бойынша сот ашық өткізу талабы дұрыс — Абзал Құспан

«Бишімбаев сотынан кейін қоғамның ашық онлайн режімдегі сотқа деген сұранысы арта түскен»

Талғардағы қанды оқиға бойынша сот ашық өткізу талабы дұрыс — Абзал Құспан
Фото: КТК

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутат Абзал Құспаннан халықтың Талғардағы оқиғаға байланысты соттың ел алдында ашық түрде онлайн режимде өтуін талап етіп отырғанын, осы жөнінде оның пікірін Qaz365.kz тілшісі сұрап білді.

Абзал Құспанның сөзінше, Бишімбаев сотынан кейін қоғамның ашық онлайн режімдегі сотқа деген сұранысы арта түскен.

«Бишімбаевқа қатысты іс – мемлекеттің өзінің тарапынан алғаш ұйымдастырылған ашық соттардың бірі. Негізі  жабық сот деген ұғым, мәселен, кәмелетке толмағандарға қатысты, әйел зорлау ісіне, мемлекеттік құпияға қатысты қолданылады. Қалғанының бәрі ашық сот деп аталады. Мәселе, елдің алдында онлайн режимде бақылап отыратындай мүмкіндік болу керек деп жатыр. Бұл дегеніміз Бишімбаев сотынан кейін қоғамның бұған деген сұранысы арта түсті. Сондықтан бұл өте дұрыс талап деп есептеймін. Шын мәнінде құқық қорғау органдары, сот органдары өздерінің жасыратын ешқандай құпиялары болмаса, ашық өткізілуге әбден болады деп есептеймін. Бірақ оны шешетін сот органдары, яғни, бұл –  Жоғарғы соттың құзырындағы мәселе», – дейді Абзал Құспан.

Сондай ақ Абзал Құспан тергеу органдарын халыққа осындай резонанс тудырған істер бойынша ашық болуға шақырды.  

«Бұл жерде ішкі істер органдары, прокуратура қызметкерлері міне, мына адамды қамамадық. Өйткені, “оның тікелей қылмысқа қатысы жоқ” деген сияқты сөздерді нақты айғақтармен айту керек. Әйтпесе, біреуі прокурордың туысы екен, біреуінің таныстары бар екен деген сияқты неше түрлі өсек-аяң тарап кетеді. Сондықтан осы норма мәжілісте де қаралып жатыр. 201 бапты қайта қарағымыз келіп отыр. Бірақ оған дейін мен тергеу органдарын жалпы белгілі бір нормаларды сақтай отырып, халыққа осындай резонанс тудырған істер бойынша ашық болуға шақырамын», – деді депутат Абзал Құспан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →